АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАНДАР САНЫ 40 МЫҢНАН АСТЫ

Уақыты: 23.08.2021
Оқылды: 972
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

23 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында былтырдан бері коронавирус жұқтырғандар саны 40 094 адамға жетті. Оның ішінде 27 мың 855-нің симптом белгілері бар. Облыс бойынша індеттің өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,1 пайызға дейін артты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл - 2,0%, Балқаш - 1,6%, Ескелді - 1,4%, Қаратал - 1,3%, Сарқан - 1,9%, Кеген - 1,6% аудандарында және Текелі қаласында - 1,6% байқалды.

Соңғы тәулікте 408 адам қауіпті індеттің ілмегіне іліккен. Оның ішінде 357 симптомдық және 51 симптомсыз жағдай анықталды. КВИ анықталған 408 адамның 56-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Ал оқушылар арасында 39, студенттер арасында 6 жағдай белгілі болды.

Сырқаттанушылықты аудан-қалаларға бөліп қарастырсақ, Ақсуда 3, Балқашта 10, Еңбекшіқазақта 22, Ескелдіде 35, Жамбылда 30, Іледе 15, Қарасайда 28, Қараталда 13, Кегенде 4, Көксуда 13, Панфиловта 26, Сарқанда 24, Талғарда 58, Ұйғырда 10, Талдықорғанда 86, Текеліде 31 адамнан вирус табылған.

Алматы облысында вакцинация бойынша соңғы мәлімет: 644 мың 263 адам екпенің бірінші дозасын, 510 мың 843 адам екінші дозасын салдырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"