ТАЛДЫҚОРҒАНДА БІР КҮНДЕ 163 АДАМНАН ҚАУІПТІ ІНДЕТ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 31.08.2021
Оқылды: 1012
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

31 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында 359 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның ішінде, Талдықорғанда жағдай ушығып тұр. Облыс орталығында бір күнде 163 адамнан індет анықталған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жалпы, барлығы Алматы облысында былтырдан бері індетпен 43 243 адам ауырған, оның ішінде 30 487-сі симптомды. Бір қуанарлығы, облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9 пайызға дейін төмендеді. Бір тәулікте тіркелген 359 жағдайдың 304-і симптомдық, 55-і симптомсыз. Ал 49-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Оқушылар арасында 33, студенттер арасында 7 жағдай анықталған.

Аудан-қалаларға бөліп айтсақ, көрсеткіш төмендегідей: Алакөл - 19, Балқаш - 8, Еңбекшіқазақ - 18, Ескелді – 13, Жамбыл – 17, Іле - 9, Қарасай - 20, Қаратал - 3, Көксу - 2, Панфилов – 21, Сарқан - 15, Талғар – 32, Ұйғыр – 8, Талдықорған – 163, Текелі - 11.

Бүгінге дейін облыста барлығы 36 495 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте стационардан 54 пациент жазылып, үйіне қайтарылды.

Алматы облысындағы екпе бойынша соңғы мәлімет: бірінші доза 670 932 адамға салынған, екінші бөлігін 546 479 тұрғын қабылдаған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"