АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮГІН 365 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Уақыты: 01.09.2021
Оқылды: 1126
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 270 адам індет жұқтырды. Сондай-ақ, бір күнде 365 коронавирустан жазылып шықты. Бірақ облыс әлі "қызыл аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 82, Талғар ауданында – 42, Еңбекшіқазақ ауданында – 20, Ескелді және Панфилов аудандарында - 18, Жамбыл ауданында – 12, Қарасай ауданында – 10, Іле және Ұйғыр аудандарында - 9, Қаратал ауданында – 8, Ақсу және Көксу аудандарында - 7, Балқаш ауданы мен Қапшағай, Текелі қалаларында - 6, Кербұлақ және Кеген аудандарында - 4, Райымбек және Сарқан аудандарында - 1 жағдайдан тіркелді.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде 3099 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 277 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орындар саны - 6080. Төсек-орын жүктемесі – 50,9 пайыз.

Соңғы үш күнде 6589 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 36 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 675 128. Соның ішінде, өткен күні екпе алғандар саны – 4102. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 553 345. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 6763.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"