Дәрігерлерге көтерме ақы берілуі мүмкін

Уақыты: 19.06.2023
Оқылды: 1509
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға қатысты бірқатар заң жобасы Үкімет қарауына жіберілгенін айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы aikyn.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

"Құрметті дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің мамандықтарыңыз ең қиын, жауапты және асыл мамандықтардың бірі. Сіздер күн сайын мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалып, нағыз ерлік жасап жүрсіздер. Президенттің тапсырмаларына сәйкес соңғы жылдары жалақы көтеріліп, жаңа денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр", – деді ол.

Аймағамбетов қазір денсаулық сақтау туралы заң жобасы қарастырылып жатқанын атап өтті.

"Қазір біз денсаулық сақтау туралы заң жобасын қарастырып жатырмыз. Онда медицина қызметкерінің мәртебесін бекіту, дәрігерлерді әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау бойынша қосымша шараларды қарастыру маңызды. Осы мақсатта біздің комиттетің депутаттары бірқатар түзетуге бастамашылық жасады. Бүгінде бұл түзетулер Үкіметтің қарауына жіберілді", – деді төраға.

Фото: ашық дереккөзден