Варикозға лазерлік ота жасалады

Уақыты: 25.07.2024
Оқылды: 759
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Варикозды тамырлар – бүкіл әлем бойынша кең таралған сырқаттың бірі. Бүгінгі таңда варикозды емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі – лазерлік терапия. Бұл сырқатты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында емдеуге болады.  Талдықорғандағы «Альсана» медициналық орталығында МӘМС аясында аталмыш сырқаттан құтылуға көмектесетін лазерлік ота жасау тәсілі  қолданыла бастады.

Варикозды лазермен емдеу – зақымданған тамырларды коагуляциялау. Сондай-ақ, лазермен  жасалатын ота жергілікті анестезия беру арқылы жасалады. Лазермен варикоз – тамырларды жойғаннан кейін науқас бірден қалыпты өмірге орала алады.  Емнің ең басты артықшылығы да осында. «Варикозды лазер арқылы жою инвазивтік негізде жүргізіледі. Ем-шарадан  кейін компрессиялық шұлық киіп, үйлеріне қайта беруге болады.  Бұл ота қант диабеті және жалпы анестезияға қарсы көрсетілімдері бар адамдарға қолайлы. Ота МӘМС шеңберінде жолдама бойынша, сақтандырылған пациенттерге тегін жүргізіледі», – дейді ангиохирург Жанғали Ембердиев. 

МӘМС мүмкіндіктерін пайдаланып ота жасатып, көп жылдар бойы мазалаған аурудан арылғандардың бірі Талдықорған қаласының тұрғыны Шолпан Батикбаева. Ол: «Альсана» медициналық орталығына дәрігерлерден кеңес алуға келдім. Ультрадыбыстық және басқа да қажетті тексерулер жүргізіп, ота жасау керектігі жайлы шешім қабылданды. Осыдан кейін МӘМС аясында  варикозды тамырларды лазерлік әдіспен алу шағын отасы жасалды. Емнің әсерін екі күн өте салысымен  сезіндім. Жылдар бойы мазалаған аяқтағы ісіну, ауырсыну кетті», – дейді ол. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 
 Жетісу облысы бойынша филиалы
Фото: xn--g1ajp.xn--p1ai