Жетісу облысында 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

Уақыты: 12.09.2024
Оқылды: 241
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Елімізде  жылда күз келгенде жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау өршиді. 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 259 111 жағдайы тіркелген, оның ішінде зертханалық жолмен анықталған тұмау жұқпасының 129 жағдайы анықталды, 2022-2023 жж. эпидкезеңде 336 жағдай тіркелген. Яғни, 207 жағдайға төмен. 
Осыған орай дәрігерлер тұмау жұқпасының алдын алудың ең тиімді шарасы тұрғындарды иммундаумен қамту екенін мәлімдеді.
Биыл  облыс бойынша тұмауға қарсы вакцина 15 қыркүйекте басталады.

Ол  үшін  82 500 доза  жергілікті бюджет есебінен сатып алынды. Эпидмаусымда тұмауға қарсы Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасымен иммундау жүргізіледі. Аталған  вакцина республика бойынша 9 жылдан астам уақыт қолданылуда. 

Иммундау міндетті түрде дәрігердің тексеріп қарап, денсаулық жағдайы бағаланғаннан және екпеге рұқсат берілгеннен кейін арнайы егу кабинетінде жүргізіледі.