"ЕҢ КІШІСІ ҮШ ЖАСТА": КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА ТАҒЫ 5 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 17.04.2020
Оқылды: 2269
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар қатарына тағы 8 адам қосылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іле аудандық ауруханасының фильтріне жүгінген 3 тұрғынның кеудесі рентгенге түсіріліп, олардан өкпе қабынуы анықталған. 1985, 1971 және 1967 жылы туған бұл азаматтармен 23 адам байланыста болған. Олардың бәрі оқшауландырылды.

Ал Кербұлақ ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Олардың ең үлкені 35-те, ең кішісі 3 жаста. Сырқаттармен байланыста болған 38 адам карантинге алынды. Сөйтіп, 17 сәуірдегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 37-ге жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды