ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ТОКИОДАҒЫ ШАРШЫ АЛАҢДА НОКАУТПЕН ЖЕҢІЛДІ

Уақыты: 27.07.2021
Оқылды: 1121

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері 91 келідегі қазақстандық Василий Левит Токиодағы бірінші кездесуінде испаниялық Эммануэль Рейстен екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Тағы бір қазақстандық 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов те бірінші кездесуінде америкалық Деланте Жонсоннан жеңілді. Осыған дейінгі Олимпиадаларда (2000 Ермахан Ибраимов, 2004 Бақтияр Артаев, 2008 Бақыт Сәрсекбаев, 2012 Серік Сәпиев, 2016 Данияр Елеусінов) 69 келідегі боксшылар алтынсыз қайтпаған еді.

Еске сала кетейік, Василий Левит - осыған дейін Азия чемпионатын үш рет жеңіп, ал Әлем біріншілігінде екі мәрте қола, Рио Олимпиадасында күміс медаль алған  ұлттық құрамадағы тәжірибелі боксшы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"