ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

Уақыты: 07.10.2021
Оқылды: 883

Талдықорғандағы №2 орт мектепте 1-4 сынып оқушылары арасында «Көңілді сөре» ойыны өтті. Жарыстың басты мақсаты балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Ойын үш кезең бойынша өрбіді. Алғашқы «Кім жылдам?» атты кезеңіде балаларға эстафеталық жарыс  болды. Қимыл-қозғалысты жетілдіру мақсатында өткен сайыста қатысушылар жылдам жүгіруге тырысты. Жеңіске деген жігерлігін көрсетіп, барынша өнер көрсеткен балалардың әр қозғалысына жиналған көрермендер тәнті болды. Екінші кезеңде балдырғандар доппен жүгіріп алдындағы кедергілерден өтті. Үшінші кезеңде қазақтың ұлттық өнері асық атудан сынға түсті.

 Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Мақтау қағазымен марапатталды.

 

                                            Айжан ЕРЖАНОВА,
№2 орта мектептің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.