КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ-2017. ЕКІНШІ ЖЫЛ ҮЗДІК

Уақыты: 04.12.2017
Оқылды: 1086

    2-3 желтоқсан күндері Алматыдағы Балуан шолақ спорт кешенінде Конфедерация кубогының финалдық кезеңдері өтті. Еркін және грек-рим күресіндегі облысымыздың балуандары екінші жыл ұйымдастырлыған турнирде екінші мәрте жеңімпаз болды. 

 

   Жалпы командалық есеп бойынша облысымыз үш спорт түрінен жүлделі орындарға ие болып, бірінші орын алды. Әр спорт түрінен жеңімпаз командаларға 25 000 000 теңге берілді. Жарыстың нәтижесі төмендегідей түзілді.

Еркін күрес.
1-орын - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ.
2-орын - Шығыс Қазақстан облысы. 
3-орын - Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. 

Грек-рим күресі.
1-орын - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ.
2-орын - Қарағанды облысы.
3-орын - Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. 

Таеквондо.
1-орын - Алматы қаласы.
2-орын - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ.
3-орын - Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. 

Дзюдо.
1-орын - Қарағанды облысы.
2-орын - Ақтөбе облысы. 
3-орын - Алматы қаласы мен Атырау облысы. 

Қазақ күресі.
1-орын - Алматы қаласы. 
2-орын - Қарағанды облысы.
3-орын - Жамбыл облысы мен Қарағанды облысының "ЗАК КАР" СК иеленді.