Азиада-2023: Семсерлесуден ерлер құрамасы финалға шықты

Уақыты: 29.09.2023
Оқылды: 691

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында командалық жарыста жартылай финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Құрамында Эльмира Әлімжанова, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай (запастағы ойыншы) бар семсерлесушілер финал жолдамасын иелену үшін Гонконг командасымен күш сынасты.

Барлық жекпе-жек қорытындысы бойынша 45:30 есебімен Қазақстан өкілдері жеңіске жетті. Енді олар финалда «алтынға» таласады. Ал Гонконг командасы қола жүлдені қанағат тұтты. Шешуші ойын Астана уақытымен 16:35-те өтеді деп жоспарланған.

Дереккөз: turkystan.kz 
Фото: 
Туризм және спорт министрлігі