Азияда: Қазақстандық боксшы финалға шықты

Уақыты: 04.10.2023
Оқылды: 806

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоудағы Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіден аса салмақтағы 1/2 финалда Қамшыбек үндістандық Нарендермен жұдырықтасты.

Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы таза жеңіске жетті - 5:0.

Осылайша, Қамшыбек осы жарыста бокстан финалға шыққан алғашқы қазақстандық болып отыр. Енді оның алтын үшін айқасы 5 қазанда өтеді.