Азияда: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орында тұр?

Уақыты: 05.10.2023
Оқылды: 660

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қазір ел құрамасы еншісінде 51 медаль (5 алтын, 11 күміс, 35 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.

Бұл жөнінен Қытай 314 медаль алып, (169 алтын, 94 күміс, 51 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Жапония (147 медаль: 37 алтын, 51 күміс, 59 қола), Оңтүстік Корея (146 медаль: 33 алтын, 45 күміс, 68 қола) еншісінде.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 169-94-51 (314)

Жапония - 37-51-59 (124)

Оңтүстік Корея - 29-41-41 (111)

Үндістан - 18-31-32 (81)

Өзбекстан - 16-16-22 (54)

Тайвань - 12-14-20 (30)

Таиланд - 10-12-24 (46)

Солтүстік Корея - 9-11-8 (28)

Бахрейн - 9-1-5 (15)

Гонконг - 7-15-28 (50)

Қазақстан - 5-11-35 (51).

Фото: Olympic.kz