Қазақстан қоржынына жетінші алтын түсті

Уақыты: 05.10.2023
Оқылды: 858

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын джиу-джитсудан түсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Дәлірек айтқанда, 69 келі салмақта бақ пен бап сынаған Нұржан Батырбек Азия ойындарының чемпионы атанды. 

Нұржан чемпиондық белдесуде БАӘ өкілінің спортшысын 4:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, осы салмақта белдескен тағы бір қазақ спортшысы Алдияр Серік қола жүлдеге ие болды.

Фото: gov.kz