Әлішер Сүлейменов әлемнің ең мықты шахматшысын жеңіп кетті

Уақыты: 13.10.2023
Оқылды: 677

23 жастағы Алишер Сүлейменов Дохадағы Qatar Masters Open турнирінде апсет жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Спорт Шредингера» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

FIDE бәсекесінің екінші рейтингінде Сүлейменов 528-ші орында тұр. Ал Магнус Карлсон бірінші орында.

«Менің көңіл-күйім қалай дейсіздер ме ? Айтарға сөзім жоқ. Бұлай болғанына әлі сене алар емеспін. Ойын алдында онымен тең түсудің өзі ғажайып болар еді деп ойлағам. Бұны бапкерім дей айтты маған»,-деп ағынан жарылды шахматшы.

Алишер Сүлейменов Павлдардың тумасы. Өткен жылы ол шахмат Олимпиадасында ел құрамасы сапында өнер көрсетті.

Фото: видеодан алынған кадр