ШИРЕК ФИНАЛДАҒЫ ДЕРБИ (+ВИДЕО)

Уақыты: 02.05.2024
Оқылды: 247

Мадритте өткен WTA-1000 турнирінің ширек финалында  қазақстандық екі теннисші Елена Рыбакина мен Юлия Путицева кездесті. Ірі турнирде жолдары түйісіп отырған тұңғыш қазақстандықтар. Ойын нәтижесі бойынша Елена Рыбакина 2:1 (4:6, 7:6, 7:5) есебімен жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 48 минутқа созылды.


Путинцевамен Рыбакинаның кездесуі жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады. Бірінші сетте екі гейм артықшылығымен Путницева жеңсе, ойынның екінші кезеңінде Рыбакина тай-брейкте ұтты. Үшінші сетте Путинцева 5:3 (40:15) есебімен алда тұрды. Жеңіс үшін тек бір ұпай ғана қажет еді. Алайда Рыбакина тор маңындағы қиын допты алып, матчты құтқарып қалды. Кейін Рыбакина төрт гэймді қатар алып, жеңіске жетті. Ойын бойы Рыбакина алты эйс жасаса, қарсыласы мүлдем жасамаған.

Рыбакина биыл WTA турнирлерінде алтыншы мәрте жартылай финалға шығып отыр. Ал Мадридтегі турнирдің жартылай финалында беларус Арина Соболенкомен ойнайды.