"GRACENOTE" БОЛЖАМЫ. ҚАЗАҚСТАН ОЛИМПИАДАДАН ҚАНША ЖҮЛДЕ АЛАДЫ?

Уақыты: 01.07.2024
Оқылды: 305

«Gracenote» сараптамалық компаниясы Париж Олимпиадасына 1 ай уақыт қалғанда, соңғы болжамын ұсынды.


Мәліметке сенсек, Қазақстанға 2  алтын, 2 күміс, 6 қола бұйырып, жалпы есепте 26-орынға тұрақтайды.

Ал өзге Орталық Азия елдерінен Өзбекстанға 3 алтын, 2 күміс, 6 қола бұйырады.

Айта кетейік, бұндай сәуегейлік жасауға өткен Олимпиададағы көрсеткіштері, әлем, құрлық біріншілігіндегі нәтижелері есепке алынады.

Ал ТОП-5 тізімге енген елдер:
1 - АҚШ — 37 алтын, 34 күміс, 52 қола.
2 - Қытай — 36 алтын, 29 алтын, 22 қола.
3 - Франция — 29 алтын, 17 күміс, 10 қола.
4 - Нидерланды — 17 алтын, 8 күміс, 9 қола.
5 - Ұлыбритания — 14 алтын, 25 күміс,23 қола.

26 шілде – 11 тамыз күндері аралығында өтетін Париж Олимпиадасында 32 спорт түрінен 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қазақстаннан 25 спорт түрінен 72 жерлесіміз Париж Олимпиадасының 83 жолдамасын иеленген.