ГОЛОВКИН РИНГКЕ ОРАЛА МА?

Уақыты: 03.07.2024
Оқылды: 366

«Головкин рингке орала ма?» деген сұрақ әрбір жанкүйерді ойландыратыны анық. Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында боксшы қандай жағдайда рингке оралуы мүмкін екенін айтып берді.


 

Мен ешқашан спорттан кететінім туралы ақпарат жариялаған емеспін және бәрін шулатып, мәлімдеме жасау менің болмысымда жоқ. Уақыт көрсетеді. Егер маған біреу жекпе-жекте қарсылас болғысы келетінін айтып, «ұсыныс» тастаса, әрі мен бұл мүмкіндіктің өз бағытым мен жолымды өзгертер тұсын байқасам, ойланбастан мұндай ұсынысты қабылдайтыным анық. Сондықтан алдағы уақытта менің қатысуыммен болатын тағы бір жекпе-жекке куә боласыздар деп сенемін, - деді боксшы.