РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН СПОРТШЫ ӘНҰРАНДЫ ЖАТТАП ЖҮР

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 349

 Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстанның әнұранын жаттауға кірісті деп, – жазады РИА Новости.


17 жастағы Софья төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын санаулы спортшылар қатарынан. Қазақстан азаматтығын алған спортшы алдағы маусымнан бастап әлемдік жарыстарда Қазақстан атынан бақ сынайды.
 

«Әнұранның сөзін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеп кететініме күмәнданам, бірақ барымды салып тырысамын», – деді Самоделкина РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.


Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Ресейдің және әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері.