УИМБЛДОН. БУБЛИК КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 345

Александр Бублик "Уимблдонның" 1/16 финалына шықты.


Қазақстандық теннисші (23) "Уимблдон" жарысының 1/32 финалында француз Артур Казоны (98) жарыс жолынан шығарды.

2 сағат 6 минутқа созылған ойында Бублик 3:0 (6:4, 7:6 (7:1), 6:4) есебімен жеңіске жетті.

1/16 финалда Томми Пол (13) мен Отто Виртанен (147) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.