"БЫЛҒАРЫ ДОП 2024" ЖАЗҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ШЕШУІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Уақыты: 10.07.2024
Оқылды: 287

Талдықорғанда футболдан жасөспірімдер арасында «Былғары доп 2024» фестивальінің ақтық кезеңі өтті.

 


Жетісу облысының барлық аудан, қалаларында жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп - 2024» жазғы фестивальі өтіп, бүгін соның ақтық кезеңі Талдықорған төрінде өтті.

Аталмыш фестивальдың шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, жас өрендерге жарыста табыс тілеп, әркез спортты қолдайтындығын айтты. Сондай-ақ, фестивальға Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы және Жетісу облысының футбол федерациясының президенті Ерік Қойшыбайұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, 100 доп тарату рәсіміне қатысты.

Естеріңізге салсақ, 2012-2017 жылдары туылған мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға мақсат етілген фестиваль Жетісу облысының бірқатар аудандарында ұйымдастырылған еді.

Финалдық жарысқа облыстың аудан, қалаларынан 20 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтауда.