АЛҒАШҚЫ СЫН

Уақыты: 27.07.2024
Оқылды: 346

Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанатының алдында іріктеу жарыстары басталып, електен өткендер негізгі кезеңге жолдама алды.

Бұл қатарда елімізден алғашқы болып сынға түскен садақ атушыларымыз бар. Олар жекелей сында іріктеуден сәтті өтіп, плей-офф сатысындағы қарсыластарын рейтинг арқылы анықтады.

Команда көшбасшысы Ильфат Абдуллин рейтингтік кезеңде 29-орынға тұрақтап, 36-сатыға табан тіреген канадалық Эрик Питерске қарсылас атанды. Ал Дәулеткелді Жаңбырбай (22-орын) колумбиялық Хорхе Энрикеспен (43),  Александр Еременко (59) француз Батис Аддиспен сайысқа түседі. 

Ал командалық сайыста Қазақстан 1/8 финалда Италиямен өзара мықтыны анықтайды. Осы жұптың жеңгені жарыс қожайыны Францияға қарсылас атанады.

"Жетісу-Ақпарат"