Қазақ қызы Хорватияда топ жарды

Уақыты: 29.08.2024
Оқылды: 327

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова Үстел теннисінен Хорватиядағы турнирдің жеңіпмазы атанды.

Қазақстан командасының спортшысы Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы аталған спорт түрінен WTT Youth Contender турнирінде алтыннан алқа тақты.

Отандасымыз 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп, төрт кездесу өткізді. Жарыс нәтижесі бойынша барлығында жеңіске жетті. Ол Үндістан, Колумбия, Хорватия және Польша спортшыларын қапы қалдырды.

Фото: ҰОК