ӘСЕТТІҢ БЛОГЫ. АСТАНАДА АЯЛДАДЫҚ

Уақыты: 30.08.2024
Оқылды: 420

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында тұңғыш рет болатын «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне шыққан жетісулық шабандоздар Астанаға жетті. 


Сағат 22:00-де Астанаға аман-есен жетіп, аттарды тынықтырып алдық. Шабандоздар да жайланып, осы жерде аялдап, таңертең жолға шықтық. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр. Жылқылар уақытылы жем-шөбін жеп, белгілі жерлерде тынығып та алды.

 Әсеттің жазбалары: 
- Жетісулықтар жолға шықты
- Шабандоздар Балқашқа жетті 

                                                                                     

7su.kz желілік басылымында арнайы «Әсеттің блогы» ашылып, онда командамен бірге жүрген әріптесіміз Әсет Бекбатыр әр күннен хабар беріп отырмақ. Ендеше біздің сайтты қарай жүріңіз, көпкүндік жарыстан хабардар болып отырыңыз.