Мақтан етемін

Уақыты: 29.11.2017
Оқылды: 1325

Сірә, өмірде ел басқарудан қиын дүние жоқ шығар?! Күнделікті өмірде белгілі бір топтың басшысы болсаң, асқан жауапкершілікті сезінесің. Себебі, топтың алдағы өмірі сенің қолыңда тұрғандай болады. Ал күллі мемлекетті басқару ол – нағыз көшбасшының қолынан келетін іс.

Аспанымызда азаттықтың ақ таңы атқан күннен бастап осы міндетті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атқарады. Тек халықты басқарып қана қоймай, қазақ елін Мәңгілік Ел ету үшін аянбай тер төгіп жүр. Елбасының өмір жолы кітабын парақтап отырсам бұл қызметке жылдар бойы жасаған жемісті еңбегінің нәтежиесінде жеткендігін байқайсың. Бүгінде көреген саясаткер, білікті басшы атанып ел ықыласына бөленуі ұзақ уақыт бойы жинаған тәжірибесінің арқасы. Таудың ең биік шыңына бірден шығу мүмкін емес. Оған тек ерен еңбегіңнің арқасында жетесің. Дәл сол сияқты Елбасы еңбектің арқасында қарапайым жұмысшыдан Мемлекет басшысы лауазымына дейін жетуге болатынын дәлелдеді.
«Тектілік тұқым қуады», – деп дана халқымыз текке айтпаған. Қазақтың қаймағы сіңген отбасында алынған тәрбиемен Нұрсұлтан биік белестерді бағындырды. Мен Елбасымызды ерекше құрметтеймін. Себебі, ол қазақ тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін бес саусағындай біледі. Оның сөздерінен терең ақыл мен парасат иесі екендігін аңғарамын. Сондай-ақ, халыққа жақындығы нағыз әділ басшының бойынан табылатын қасиет. Бүгін де күллі әлем үшін Қазақстан мен Нұрсұлтан егіз ұғым. 

Айым ЕРКІНБЕКҚЫЗЫ,
№19 орта мектеп-гимназиясының
11-сынып оқушысы.
Талдықорған.