ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР АЛДЫ

Уақыты: 29.11.2017
Оқылды: 1058

Облыс әкімі Амандық Баталов өлкемізде баспанасы мен жұмыс орнын біріктіретін жаңа үлгідегі полиция пункттерін салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Облыс бойынша дәл осындай 220 ғимарат бой көтереді деп жоспарланған. 

Қарасай ауданына қарасты Әйтей және Райымбек ауылдық округтерінде екі полиция пунктінің ашылу рәсімі өтті. Шараға облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айдар Балтағұлов, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Жапаров, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Даниярұлы қатысты.  
Өзінің құттықтау сөзінде Айдар Ізбасарұлы осындай шептік бөлімдер бір мезгілде бірнеше міндетті атқаруға қабілетті екенін баса айтып өтті. Ең алдымен бұл полиция қызметкерінің жұмысын жақсартып, тұрғын үй мәселесін шешетін болса, учаскелік инспектордың халыққа жақын болып, тәулік бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік бермекші. 
Он екі мың тұрғыны бар Әйтей ауылдық округінде бүгінде полиция капитаны Нұржан Қалмахановтың жетекшілігімен бес учаскелік инспектор еңбек етеді. Пайдалануға берілген жаңа шептік бөлімнің ғимаратына жас учаскелік инспектор Әлішер Сатыпалды отбасымен қоныс аударды. Кішкене балалары бар отбасының  қуанышында шек жоқ. 
Ал Қалдыбек Жамалбаев басшылық жасайтын Райымбек ауылдық округіндегі полиция бөлімінде сегіз тәртіп сақшысы жемісті жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғимараттағы пәтер үш баласы бар Ернар Оңғарбаевқа бұйырды. 

Қуат Қайранбаев,  

Қарасай ауданы.