ОН СЕГІЗ МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫННЫҢ ЖАҢА ПӘТЕРІ

Уақыты: 01.12.2017
Оқылды: 1209

     Қазақстанның он сегіз миллионыншы тұрғыны Муслима Саматқызына мереке қарасаңында облыс әкімі Амандық Баталов пәтер кілтін табыстады. 

 

  Қазақстанның он сегіз миллионыншы тұрғынымен қатар 100-ден астам талдықорғандықтар жаңа пәтерге ие болды. Олар енді Талдықорғанның оңтүстік-батыс ауданында жаңадан бой көтерген 55 пәтерлі коммуналдық және мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған 64 пәтерлі тұрғын үйде тұрады. 
-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беріп жатыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жаңа пәтердің кілтін табыстап жатқаныма қуаныштымын. Өмірлеріндегі ең жарқын сәттеріне куә болып тұрған барша отабасыны бүгінгі қуанышымен құттықтаймын. Отбасыларыңызда береке-бірлік,
ынтымақ пен келісім ұялап, шаңрақтарыңыз шаттыққа тола берсін,- деді облыс басшысы.

   Қазақстан Республикасының экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылдың 11-мамыры күні Талдықорғанда дүниеге келген Муслима Саматқызын Қазақстанның 18-миллионыншы тұрғыны деп ресми мәлімдеген болатын. 

   Соңғы бес жылда Талдықорғанда жалпы көлемі 170,2 мың шаршы метр болатын 29 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, екі мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Бүгінде қалада мемлекет қаржысы есебінен тағы сегіз және жеке инвестициялар есебінен төрт тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.