Бірлік береке кепілі

Уақыты: 02.07.2016
Оқылды: 1671
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІІ сессиясы «Мем­ле­­кеттік этносаясаттың басты мақсаты – болашағы біртұтас ұлтты қа­лып­тас­ты­­ру» деген тақырыппен өткізілді. Этномәдени бірлестіктердің төр­ағалары мен бел­сенділері, облыстық басқармалар басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ақсақалдар кеңесінің, діни конфессиялардың, жастар және басқа қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақ­па­­рат құралдарының өкілдері қатысқан алқалы жиынды облыс әкімі, облыстық Ас­­самблея төрағасы Амандық БАТАЛОВ ашып, жүргізіп отырды. Сес­сияның күн тәр­­­тібіндегі мәселеге орай облыстық Қазақстан халқы Ассам­блея­сы төр­аға­сы­ның орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит ТҰРСЫНБАЙ баяндама жа­сап, өңірдегі тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбіт­шілік пен татулықтың ұйыт­қы­­сы болып отырған этномәдени орталықтардың атқарған жұмыстарына тоқ­талды.

Облыстық Ассамблеяның қызметі өңірді мекен еткен барлық этностарды азаматтық және рухани-мәдени тұтастық ретінде топтастырып, отан­шылдық идеологиясын, қа­зақ­стандық жарасымдылықты қа­лып­тастыруға бағытталған. Дос­тықтың алтын бесігіне айналған Жетісу жерінде ұстанымы мен сенімі жылдар бойы нығая түс­кен 71 этномәдени бірлестік жұ­мыс істеп, әр этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүруінің оңды тә­жі­рибесін жинақтады, – деген Ға­бит Тұрсынбайұлы аймақтағы ауызбірлік пен ынтымақтың өзе­гіне айналған негізгі фактор­ларға тоқталды.

25 жылда түрлі мәдениет пен салт-дәстүрлер мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті төңірегінде топтаса тоғысып, өркендеуіне берік негіз қалан­ды. Жетісу жерінде 2 миллионға жуық халық, 105 этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Елба­сының «2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы деп жариялау тура­лы» Жарлығы облыстық Ас­сам­блеяның арнайы жоспары бойын­ша кезең-кезеңімен жүйелі түрде орындалып келеді. Мем­ле­кеттік тіл саясатын жүзеге асы­ру мәселесі облыстық Ас­сам­блеяның күнделікті назарын­да. Ұлттық ерекшелігімізді, әрбір этностың тілін, дәстүрін сақтай отырып, өзара түсіністік, адам­гер­шілік пен ізгілік негізінде шы­найы бірлікке келу – бүгінгі күннің басты талабы екені анық.

Мемлекеттік тілдің ел аза­мат­тарын біріктіруші аса маңыз­ды фактор әрі Қазақстанда жақ­сы тұрмысқа қол жеткізудің кілті екендігін жақсы түсінген этномәдени орталықтардың бас­шылары мен олардың бел­сен­ділері әсіресе, жастардың қазақ тілін оқып, үйренуіне баса көңіл бөледі. Облыс аумағында қазақ тілінің қолданылу аясы жыл сайын одан әрі дамып келеді. Бұрын мемлекеттік тілде сөйлейтін бірді-екілі өзге этнос өкілін көрсек тамсана қарап, таңырқағанымыз жасырын емес. Қазіргі таңда оқу орындары мен мекемелерде осындай жаста­р­дың қатары жыл сайын артып келеді. Бұл үрдіс қалыпты нор­маға айналатын күн де алыс емес. Этномәдени бірлестік­тер­дің әдістемелік-тәжірибелік орталығы болып табылатын Достық үйінде арнайы жасақ­тал­ған бір ғана тіл каби­неті ар­қылы 3 жылдың ішінде 100-ден астам әр этностың өкілі қазақ тілін және өз ана тілдерін оқып, үйренді. Этномәдени орталы­қ­тар өкілдері «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тілдарын», «Мың бала» байқауларына және дәс­түрлі Абай, Ілияс, Мұқағали оқуларына белсене атсалысады. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейте беру облыстық Ассамблеяның басты міндет­терінің бірі болып қала береді.

Баяндамашының мә­лі­мет­теріне қарағанда, биыл тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткен елімізде сенім, салт-дәстүр, тө­зімділік секілді ұстанымдар мемлекеттің ұлттық саясатына ұстын болып отыр. Соған орай облыста өткен екі жүзден астам іс-шараға 50 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың бәрі де Қазақстандағы тыныштық, тұрақтылық, бейбітшілік, келісім секілді құндылықтарды паш етті. Алғыс айту күні еліміздегі этностар мен ұлттар ара­сын­да­ғы өзара сыйластық пен құр­мет­ті әйгіледі. Оның негізінде Отан­ға, отбасына, қауым мен туған-туысқа деген құрмет се­зімдері жатыр. Қиын күндерде өз елінен босып, қуғын көрген халықтарға қазақ халқының көрсеткен құр­ме­тінің ешқашан ұмытылмайты­нын бүгінгі этномә­дени бірлес­тіктердің жұмысынан байқауға болады. Соған орай әрбір этнос өкілі өскелең ұрпа­ғына аумалы-төкпелі кезеңде көрген жақ­сы­лығын естелік етіп қал­дырып, алғыс айтудың маңыз­дылығын түсіндіреді.

Облыстық Ассамблея ая­сын­да жұмыс істейтін «Аналар кеңесі», «Медиация кабинеті», «Сенім телефоны», «Қоғамдық келісім кеңесі» секілді ұйымдар мен қызметтердің жұмысына тоқталған баяндамашы «Ауы­лым – алтын бесігім» атты об­лыс­тық форум барлық аудан­дар­да өткендігін, Алакөл, Қара­сай, Панфилов, Іле, Ұйғыр ау­дандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының қоғамдық келісім кеңесі жақсы нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті. Қайы­рымдылық іс-шараларының нә­тижесінде 356 адам құны 20 миллион теңгеден асатын қол­дау мен көмек алды. Білім ор­даларына, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына қолдау көрсетілді. Мәдени шаралардың қатары «Мәңгілік Ел – патриот­тық актісі» деген тақырыпта диктант жазу шарасымен толық­ты. Облыс көлеміндегі әртүрлі жастағы 1800 адам қатысқан шара ең алдымен мемлекеттік тілді жетік білуге ұмтылдырады.

Бұдан соң Іле аудандық күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, қоғамдық келісім кеңе­сінің мүшесі Сахид Чатуев, облыс­тық балкар этномәдени бірлес­тігінің белсендісі Фаризат Хаджие­ва, «Алакөл» аудандық газетінің тілшісі Валентина Ива­нова, Пан­филов аудандық «Шат­лык» ән-би ансамблінің же­текшісі Сейітжан Аметов, «Видергебурт» Талдықор­ған немістері қоғамы төрағасының орынбасары Егор Молодцов, Қара­тал ауданы Бас­төбе ауыл­дық округінің бас мама­ны Ирина Цой, Көксу ауданындағы Медеу­бай Құрманов атындағы орта мектеп­тің орыс тілі және әде­биетінің оқытушысы Бахар Бах­шиева ке­зек­пен сөз алып, өзде­рінің жүрек­жарды тілектерін жет­кізді. Олар­дың бәрі де еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың негізі қазақ хал­қының қонақжайлылығы мен мейі­рімділігіне тікелей бай­ланысты екендігін түрлі мысал­дар­мен си­пат­­тап берді. Әсіресе, Бас­төбе ауылының маңына орна­тыл­ған «Қазақ халқына мың алғыс!» ес­керт­кіш-монументі туралы терең әңгіме қозғаған қазақ келіні Ирина Цойдың үніндегі шынайылық, тыңдаушыны бейжай қалдыр­мады. Сондай-ақ, сөзін бастан-аяқ мемлекеттік тілде жеткізген «Ала­көл» газетінің тілшісі Валентина Иванова шегараның бойында жат­қан Алакөл ауданындағы ұлттар­дың ұйытқысына айналған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Жарыссөзге шыққандарға ри­зашылығын білдіріп, сөз ара­сында облыстағы жетістіктерді термелеп отырған облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерімен таныстырып өтті. Сәуір айында Астанада «Тәуел­сіз­дік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІV сессиясының маңыз­дылығын атап өткен өңір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел – патриот­тық актісінің» жалпыұлттық құн­ды­лықтармен байланысын түсіндіре кетті. Оның айтуынша, Прези­денттік жобалар мен бағдар­ла­ма­лар Алматы облысында да жүйе­лі іске асырылуда.

Иә, жетістік баршылық. Оны ауылшаруашылық өнімдерінің түсімінен де білуге болады. Атап айтқанда, биыл ауылшаруа­шы­лық өнімдерінің түсімі 5,1%-ға, өндіріс көлемі – 0,8%-ға, инвес­тиция мөлшері 9,5%-ға өсіп, 442,6 мың шаршы метр тұрғын үй пай­да­ла­нуға берілген, 7,9 мың жұ­мыс орны құрылып, жергілікті бюд­жеттің түсім көлемі 8.5%-ға артқан. «Агро­бизнес – 2020», «Сыбаға», «Құ­лан», «Алтын асық» бағдар­ла­ма­лары жүзеге асыры­лып, отандық компаниялардың өнімі өскен. Аса маңызды туризм саласы қар­қын­мен дамып, құны 233 миллиард теңге болатын өте тиімді 11 ин­вестжоба жүзеге асырылуда. «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасының аясында білім саласында көп­теген жұмыстар ат­қарылуда. Атап айтқанда, жаңа­дан мектеп­тер салынып, балабақшалар пайдалануға бе­рілуде. Былтыр ашылған 99 балабақшаның 88-і жеке кәсіп­керлердің көмегімен іске қосыл­ған. Биыл олардың санын 84-ке жеткізу жоспар­лануда. Осындай жетістіктерге байланысты облыс­тық Қазақстан халқы Ас­самблея­сының хат­шы­лығына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4 бағы­тын және «Мәңгілік Ел – патриот­тық акті­сін» жүзеге асыру бойын­ша тап­сырма берген Амандық Ғаббас­ұлы облыстағы ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың қа­лып­тасуына еңбек сіңірген аза­мат­тарды марапаттады. «Бір­лік» қо­ғамдық алтын медалін Асылы Осман, Гриф Хайруллин, Шахи­смаил Асиев, Наталья Тифан­циди сынды белгілі қоғам қай­рат­керлерінің кеудесіне қадаса, әріптесіміз Жұмабай Мұсабековке Қазақстан халқы Ассамблея­сының Құрмет грамотасын, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Хасан Еспанов пен «Жетісу» телеар­насының тілшісі Гүлжан Қызай­баеваға Ассамблеяның Алғыс хатын тапсырды.

Жиын соңы этномәдени бір­лестіктер өнерпаздарының кон­цертіне ұласты.

Мәди АЛЖАНБАЙ