ТАЛҒАРЛЫҚ ЖАСТАР ТАУДАҒЫ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Уақыты: 03.06.2022
Оқылды: 1261
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан халқы үшін аса маңызды саяси науқан – республикалық референдумға санаулы ғана уақыт қалды.

Ата Заңымызға енетін өзгерістер еліміздің кемел келешегіне, жастардың жарқын болашағына тың бетбұрыс, соны серпін беретіндігіне үміт зор. Тәуелсіз ел тағдыры таразыға түсетін бұл шараға талғарлық жастар да бей-жай қарамай жұмыла атсалысуға дайын. Осының дәлелі ретінде олар бүгін "Қорған" тауының алаңында "Жастар референдум үшін" атты акция ұйымдастырды. Акция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, ауданның жас спортшылары мен еріктілері еліміздің Әнұранын шырқады.

 

Ұлбосын Исабек
Алматы облысы
Талғар ауданы