КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 1027
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылының көкпаршылары атпен №147 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Өз таңдауын жасауға ат ауыздығымен алысқан 20-дан астам көкпаршы келді. Көкпаршы Қайрат Тоғысбаев:

- Жылқы десе елеңдемейтін қазақ жоқ. Біз көкпаршылар атынан жастарға үлгі болсын деп сайлауға ерекше, дәстүрлі түрде жылқымен келдік. Еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда әр адамның дауысы маңызды, - деп сайлауға қатысушыларға ұлттық рух сыйлады.   

Аттың құлағында ойнайтын азаматтар жұртшылықты дауыс беруге шақырды.

"Жаңаталап ауылындағы сайлау учаскесінде 1000-ға жуық дауыс беруші бар. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі өз таңдауын жасады. Барлығы әділ өтіп жатыр, ешқандай тәртіпбұзушылық болған жоқ, - дейді сайлау учаскесінің төрағасы Шолпан Арпабаева.

Айдар Қалиев,
Қаратал ауданы