ТЕКЕЛІДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ  АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 493
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Текелі қаласында жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Тыщенко  өз дауысын берді. 

Ардагер атамыз саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді қатысып келеді. 

Тыщенко Михаил Абрамович 1927 жылы  дүниеге келген. Соғысқа дейін колхозда кызмет еткен. Соғыстан кейінгі жылдары Текелі қаласы қорғасын-мырыш комбинатында еңбек жолын жалғастырған.

Бүгінде Михаил Абрамович Текелі қаласындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан көзі тірі жалғыз ардагер.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"