Президент Елена Рыбакинаға нақышталған сағат пен орамал сыйлады

Уақыты: 13.04.2023
Оқылды: 710
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Билли Джин Кинг кубогының матчына арналған баспасөз мәслихатында әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тенисші қобалжығанын жасырмады.

“Кездесу ойдағыдай өтті.Біз Болат Жәмитұлымен бірге отырдық. Мемлекет басшысы мені жетістіктеріммен құттықтады. Кейін мен де өз жоспарларымен бөлістім”,- деді спортшы.

Рыбакина сонымен қатар президенттің өзіне нақышталған сағат пен орамал сыйлағанын тілге тиек етті.

Президент Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакинаны Австралияның ашық чемпионатында, Индиан-Уэллс пен Майамиде көрсеткен тамаша өнерімен құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген мызғымас жігері үшін алғыс айтқан.

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина 14-15 сәуірде елордада өтетін Билли Жан Кинг кубогы аясында Польшаға қарсы ойынға Қазақстанға келді. Қазақстан құрамасында Рыбакинадан бөлек, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гозал Айнитдинова, Жанель Рүстемова және Аружан Сағандықова бар.

Фото: ғаламтордан