Айлығы жоғары адамдарға 4 пайыздық автонесие берілмеуі мүмкін

Уақыты: 03.05.2023
Оқылды: 532
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Автокөлік алуға берілетін 4 пайыздық жеңілдетілген несиеге қатысатын көлік брендтері қайта қаралады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп.

«Бағдарлама бойынша қандай көліктер қатыса алады?» деген мәселе бар. Қазір бағдарлама 10 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік береді. Ал, машинаның құны 15 млн теңге болуы керек дедік. «Киа Спортэйдж», «Хюндай Туксон» сияқты брендтердің бағдарламаға қатысуын қайта қарауымыз мүмкін. Бұл – ақырғы шешім емес, талқыланып жатыр», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Сондай-ақ, ол бұдан былай бағдарлама айлығы аз адамдарға ғана қолжетімді болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Төртіншісі, ең маңыздысы сияқты меніңше, бірнеше бағыт талқыланып отыр. Еңбекақының ең жоғары шегін бектіу мәселесін қарастырамыз, яғни айлық белгілі бір сумадан асып кетсе, ондай адамдар бағдарламаға қатыса алмайды. Автонесие бағдарламасын Hyundai Accent, Chevrolet Cobalt сияқты халық көп мінетін көліктер үшін қолжетімді етуді жоспарлап отырмыз. Бұл өзгерістердің бәрін бір айдың ішінде аяқтаймыз», - деді министр.