Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Уақыты: 03.05.2023
Оқылды: 690
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Top Rank промоутерлік компаниясының төрағасы Боб Арум ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен америкалық Джаред Андерсон (14-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек 1 шілдеде Толедода (Огайо штаты, АҚШ) өтетіні айтылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

«Джаред Андерсон – Толедоның мақтанышы және біз Top Rank пен ESPN-ді «Шыны қалаға» әкелгенімізге қуаныштымыз. Джаред кәсіпқой боксшы болғаннан бері біз Толедоны жекпе-жек өткізетін орын ретінде белгілегенбіз. Ол қазір супер ауыр салмақтағы ең мықты жас боксшы және «нағыз үлкен баланы» үйге әкелетін уақыт келді. Жан Кособуцкий – өзінше қатыгез панчер. Мен Хантингтон орталығындағы шулы жекпе-жекті асыға күтемін», - деді Боб Арум.

Фото: ғаламтордан