Жүргізуші куәлігін 15 минуттың ішінде қалай ауыстыруға болады (видео)

Уақыты: 03.05.2023
Оқылды: 962
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ІІМ көрсетілетін қызметтерді қолжетімді және ашық ету мақсатында олардың кейбірін смартфондарға шығарды. Солардың бірі – жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыру, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Polisia.kz сайтының жазуынша, бұрын жыл сайын ХҚКО-ға қолданылу мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 400 мыңға жуық азамат жүгінетін.

Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыруға болады.

Жүргізуші куәлігін жаңарту үшін осындай қосымшалардың біріне кіріп, биометриялық тексеруден өтіп, өз смартфоныңызға суретке түсу жеткілікті.

Өтінім ІІМ дерекқорында өңделгеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігі 10-15 минут ішінде автоматты түрде шығарылады.

"Азамат ХҚКО-дан жаңа құжатты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады, ал автокөлікті смартфондағы "цифрлық" жүргізуші куәлігі нұсқасы бойынша бірден басқара беруіне болады.

Мұндай қызметтерді енгізу азаматтарымызды мемлекеттік қызметтерді алу үшін қандай да бір мекемелерге бару қажеттілігінен босатады", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.