15 наурыз күні Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді

Уақыты: 13.03.2024
Оқылды: 362
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтеді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ОКҚ хабарлады. 

Бұған дейін кезекті екінші Ұлттық құрылтай 2023 жылғы 18 маусымда Түркістан қаласында өтті. Онда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбы ортаға салынды. 

Ал аталған жиынның үшінші басқосуында қандай тақырып қозғалатыны қазірге айтылмады.