Жүргізушілерге ескерту жарияланды

Уақыты: 15.03.2024
Оқылды: 317
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Елімізде жүргізушілерге ескерту жарияланды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бүгін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан көрініс шектелуі мүмкін, - делінген QazAvtoJol ұлттық компаниясы таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ Жетісу мен Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады.

Сонымен қатар Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көктайғақ болу қаупі бар. Бұл өңірлерде жел күшейіп, оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Фото: Sputnik / Владимир Вяткин