ОБЛЫС ӘКІМІ АМАНДЫҚ БАТАЛОВ МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 26.12.2018
Оқылды: 1454
Бөлім: КҮЛТӨБЕ
Nur.kz порталының Мемлекеттік органдармен жұмыс жасау департаментінің директоры Шыңғыс Мәдібек Nur.kz сайтында жүргізілген «Халық дауысы 2.0» жобасының қорытындысы бойынша «Ең белсенді әкім» номинациясында үздік шыққан және «Жыл Адамы Гран приі» иегері атанған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа аталмыш номинациялардың арнайы дипломын табыстады. 
 
Сонымен қатар осы жобада Талдықорған қаласы барлық аталымдар бойынша үздік шыққаны айтылды. Соның ішінде ең әдемі қала, ең таза қала, ең қолайлы қала және т.б.
Өз сөзінде облыс әкімі А. Баталов облыстың дамуы, соның ішінде Талдықорған қаласын көркейту жұмыстары туралы қысқаша атап өтті.

- Бұл бір адамның ғана еңбегі емес, көпшіліктің, бірге жұмыс істеп келе жатқан командамыздың еңбегінің нәтижесі. Елбасы қант қызылшасын, жүгері өсіруді өркендетуді, туризмді дамытуды тапсырды. Біз барлық әлеуетімізді, күш-жігерімізді жұмсап, сол салаларды жандандыруды қолға алдық. Қазір екі бірдей – Ақсу, Көксу қант зауыттарын іске қостық. Ауыл шаруашылығында, құрылыста, денсаулық сақтау, білім беру – қай салаға болсын баса назар аударып, іргелі істерді атқарып келеміз. Ең бастысы атақ немесе марапат алу емес. Қарапайым тұрғындардың көзінен шынайы қуанышты көргенде іштей еңбектің жемісі деген осы шығар деп ойлаймын. Дегенмен жұмысымызды бағалап жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін, - деді А. Баталов.  

«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты http://www.zhetysu.gov.kz»