ҰЛТТЫҚ АЛАҢДА ТАЛҚЫЛАНАДЫ

Уақыты: 18.07.2019
Оқылды: 779
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді халық даналығы. Ұлттық кеңес мүшелері азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды да қарайды. Саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында байланысты күшейтеді.


Құрамына келер болсақ, елімізге танымал азаматтар кіреді. Яғни бұның өзі де елде қарастырылып жатқан кез келген ауыр, өзекті деген мәселенің ұлттық деңгейде шығып, осы үлкен ұлттық алаңда талқылануына жол ашады. 

Ұлттық кеңес мүшелері жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жұмыс істейді. 

Сенім кеңесін құру идеясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан бастау алады. Мемлекет басшысы Ақорда мен азаматтардың арасын алшақтатып алмау о баста-ақ басты ұстанымы болатынын байқатқан. Ұлттық кеңес әр саладағы, әр түрлі ұстанымдағы азаматтардың басын біріктіруімен ерекшеленеді. 40-тан астам мүшесі бар. 

Мәселелер көп, бірақ кейде оны кімге жеткіземіз немесе тек қана әлеуметтік желіде көтеріп жатамыз. Енді кеңестің мүмкіншілігін пайдаланып, көп мәселелерді шешуге атсалысамыз деп ойлаймын.

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ