ТАУЛЫ ӨҢІРДІ АРАЛАДЫ

Уақыты: 15.08.2019
Оқылды: 1158
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров жұмыс сапарымен Райымбек, Кеген аудандарында болды. Ол алдымен Текес ауылындағы сервистік орталықтың жетекшілерімен жүздесті. 

Сол жерде шар- уашылыққа былтыр алынған қажетті техикаларды көрді. Ондағы шаруашылық жетекшілері субсидияға көмектесу жөніндегі өтініштерін жеткізді. 
Бағдат Сайланбайұлы Нарынқол ауылында салынып жатқан спорт кешенін көрді. Аудандық әкімшіліктің  күрделі құрылыс жүріп жатқан ғимаратының жайымен де танысты. Содан кейін аудандық Мәдениет үйінде аудан активімен жүздесу өткізді. 
– Құрметті көпшілік! Менің бұл өңірге бірінші сапарым болып тұр. Райымбек ауданы гүлденіп, көркеюі қажет.  Бұл ауданнан көп адамның көшіп кеткенін жақсы білемін. Жастарды қайта оралту керек, – деді Бағдат Сайланбайұлы.
Осы жерде ауданның прокуроры Шәміл Құтелов сөз алып, ауданда бейнебақылаудың жоқтығын сөз етті. Соның әсерінен кейбір қылмыс ашылмай отыр. Облыс әкімінің орынбасары бірқатар  бөлім басшыларын орнынан тұрғызып, шешілмей жатқан түйінді жайларды сұрады.
Бұдан кейін жұмыс сапары Кеген ауданында жалғасты. Ақтасты ауылы маңындағы «Каз Мясо» ЖШС-нің жайын көрді. Одан соң Кеген ауылының маңында салынып жатқан 15 тұрғын үй құрылысында болды. Спорттық сауықтыру кешені былтырдан бері бітпей тұр. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров аталған ғимарат құрылысын бітіруге көмек көрсететінін айтты. Аудан әкімі Т. Байеділов 15 тұрғын үйді қазан айында пайдалануға беретінін айтты.
Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров аудандық Мәдениет үйінде Кеген ауданы активімен жүздесіп, сала басшыларынан жағдайды сұрады.   
       

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы