КЕГЕНДЕ БІР ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Уақыты: 14.02.2021
Оқылды: 755
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Кеген ауданында жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын  жүзеге асыруда көптеген игілікті іс атқарылуда. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Өткен жылы 50 азамат кәсіптік даярлаудан өтіп, 40 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 10 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге 140 азамат оқытылып, 21 адамға 71,8 миллион теңге несие берілді. Сондай-ақ, «Жаңа бизнес» идеяларын іске асыру аясында 147 азаматқа мемлекеттік грант берілді.

Өткен жылы жұмыссыз ретінде тіркелген 466 адам қоғамдық жұмысқа, 32 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. Жастар тәжірибесіне 65 жұмыссыз жастар тартылып, 53 жас маман тұрақты жұмысқа тұрды. Жалпы, өткен жылдың аумағында жұмыссыз ретінде 1733 адам тіркеліп, оның ішінде, 1299 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бір ғана «Жұмыспен қамтудың – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 448 адам жұмыспен қамтылып, жағдайларын жақсарта түсті.

2020 жылы Кеген ауданы бойынша 1078 жаңа жұмыс орны ашылды. Аз қамтылған 181 отбасына мемлекеттік атаулы көмек, 48 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді. Өңірдегі үйден оқытылатын 39 мүмкіндігі шектеулі баланың отбасын материалдық қолдау мақсатында 2 миллион 86 мың теңге жұмсалған.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Кеген ауданы

Алматы облысы