КӘСІПКЕР СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ МИЛЛИАРДТАН АСТАМ ҚАРЖЫ АУДАРДЫ

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 420
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Итемгенов су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 миллиард 300 миллион теңге аударды.


«Қазақстандағы су тасқынынан келтірілген залалдың ауқымы бұрын-соңды мұндай болмаған, отандастарымыздың үйлері мен мүлкін қалпына келтіруге көмек қажет екенін жақсы түсінемін» , - деп атап өтті Қайрат Итемгенов.

«Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында сөйлеген сөзін мұқият тыңдадық, онда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да ірі бизнес өкілдеріне барынша көмек көрсетуге шақырды және біздің компания бұл үндеуге сөзсіз жауап береді. Біз осы қиын уақытта барлық бизнес пен мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым адамдар шоғырлануы керек екенін түсінеміз. Мен және «Aqniet Group» компаниясы осындай апаттардың қайталанбауы және Қазақстан өркендеуі үшін бәрін жасауға дайын