СОТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ АЛУҒА БОЛАДЫ

Уақыты: 21.04.2021
Оқылды: 1377
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Азаматтар сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтаманы үйден шықпай-ақ алуына болады. Оның үш түрлі жолы бар. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

1.Телеграм-бот @kenes1414bot. Көрсетілетін қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгізу > анықтама телеграмға хабарламамен келеді.

2.EGov mobile мобильді қосымшасы. Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседі.

3.Портал арқылы eGov.kz. Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшін 5-10 минуттан кейін жаңарту.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды