БАСШЫНЫ ОНЛАЙН ӨЗГЕРТУ: ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТАҒЫ БІР ЖАҢАЛЫҚ

Уақыты: 15.11.2021
Оқылды: 1290
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Онлайн түрде басшылық қызметті өзгертуге болады. Бұл туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы хабарлады.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 14-2 бабына сәйкес, басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген) жағдайда заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.

2021 жылы электрондық Үкімет порталы арқылы басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау) рәсімі бойынша қызмет әзірленді.

Арыз тағайындалған басшымен (мұраға тағайындалған сенімгерлік басқарушысымен немесе сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы куәлік рәсімдеген нотариуспен; бас мекеменің басшысымен; заңды тұлғаның өкілімен) негіз болып табылатын құжаттың (бұйрық, шешім) pdf пішімінде сканерленген көшірмесін қоса отырып, электронды Үкімет порталы арқылы беріледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"