Көптің көмегі

Уақыты: 14.09.2017
Оқылды: 1875
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында мектебімізде қайырымдылық шарасы өткізілді. «Жетім көрсең – жебей жүр» демекші, акция барысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасы жеткіншектеріне жан-жақты көмек көрсетілді. Осылайша олар жаңа оқу жылына толықтай дайындықпен барды.

Атап айтар болсақ, оқушыларды мектепке дайындау мақсатында мектебіміздің директоры С. Бектұрғанова ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бір жеткіншекті оқу құралдарымен және мектеп формасымен толық қамтыды. Іле аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ. Ашуов  бір оқушыны мектеп формасымен қатар күздік күртемен де қамтамасыз етті. Ал, Боралдай кентінің әкімі М. Сәлімбаев 10 оқушыға мектеп формасы, сөмке және оқу құрал-жабдықтарымен көмектесті. 
Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар саны 210 болса, оның 19-ы жетім, 111-і көп балалы, 4-еуі сәтсіз отбасынан шыққан, 50-і толық емес, 26-сы аз қамтылған отбасының балалары. Олардың бәріне мүмкіндігінше көмек көрсетілді. Осы тұста акцияға ерекше үлес қосқан жеке кәсіпкер А. Нұрмұхамбетовтің 30000 теңге ақшалай қаржы беріп, оған қосымша балаларды мектеп формасы, ақ жейде, аяқ киім, спорттық киім, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтығанын атап өткен жөн. Сонымен қатар христиан шіркеуінен        Н. Назаренко әр балаға 25000 теңге ақшалай көмек көрсетіп, қыстық аяқкиім, күрте, спорттық форма, жейде және мектеп құрал-жабдықтарын алып берді. 3 «ә» сыныптың ата-аналар комитеті екі балаға сөмке мен мектеп құрал-жабдықтарын сыйлады. 
Оқушылар да акцияға атсалысты. Олар мектеп ауласында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету»  ұранымен  кітаптар жәрмеңкесін өткізіп, қолөнер заттары мен пісірген тәттілерін сатып, одан түскен қаржыға мұқтаж балаларға  оқуға қажетті құрал- жабдықтар алып берді.
Акция барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және әлеуметтік педагог М. Мұхамеджанова, мектеп әкімшілігі ұжымы, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, мектеп психологы Іле ауданы әкімдігінің үндеуімен іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. 

Ш. ШЫНТӨРЕЕВА,
№ 15 К. Әзірбаев атындағы орта мектебптің мұғалімі.
Іле ауданы.