КӨКСУ ЖӘНЕ ЕСКЕЛДІ АУДАНДАРЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫСТЫ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 02.08.2022
Оқылды: 1487
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Көлбаев Марлен Қапашұлы Көксу ауданының, Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Марлен Қапашұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары. «Жетісу» институтын «экономика және менеджмент», Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын ішкі істер басқармасы күзет бөлімінің полиция қызметкері болып бастаған. Біршама жыл «Жетісу» экономикалық институтында түрлі қызметтер атқарды.

Кейін Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас менеджері, Талдықорған қалалық адами ресурстарды басқару департаментінің жобаларды басқарудың бас менеджері, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-ның Талдықорған аймағы бойынша бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдың желтоқсанынан - Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.

Елдос Тұрсынбайұлы 1968 жылы туған, білімі жоғары. Семей қаржы-экономикалық техникумын «мемлекеттік бюджет», Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «қаржы және несие», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талғар қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастады.

Әр жылдарда Талдықорған облысы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, Талдықорған облысының Талдықорған ауданы бойынша салық инспекциясының, салық бөлімінің, салық комитетінің бастығы, Алматы облысы Ескелді ауданы бойынша салық комитетінің бастығы, төрағасы, Көксу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, бөлім бастығы, Текелі қалалық қаржы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың ақпанынан Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"