Баспана бағасы қымбаттады

Уақыты: 10.04.2023
Оқылды: 2115
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы бағаға қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бір жылда (2022 жылғы наурызбен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) пәтерлерді қайта сату бағасы – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% қымбаттады. Абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 29,3% артты.

Жаңа үйлер бір жылда Ақтөбе (25,4%) және Ақтау (24,3%) қалаларында ең көп қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Қызылорда (37,8%), Ақтау (32,6%), Семей (31,6%), Қостанай (29,2%), Өскемен (24,7 %) қалалары. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында ең жоғары баға Көкшетау (51,1%), Петропавл (48%), Алматы (45,4%) және Қостанай (45%) қалаларында тіркелді.

Айта кетейік, бір айда (2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді. Ал баспананы арендаға алу құны алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Фото: ғаламтордан