Кәсіптік оқыту курстары енді Enbek мобильді қосымшасында өтеді

Уақыты: 23.01.2024
Оқылды: 869
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Enbek мобильді қосымшасында жаңа дағдылар мен құзыреттерді игеру мүмкіндігі пайда болды. Енді Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында орналасқан курстарды смартфон арқылы оқуға болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қосымшада пайдаланушыларға оқу үшін курстарды іздеу, берілген мамандықтар немесе дағдылар бойынша таңдау мүмкіндігі, сондай-ақ кілт сөздер бойынша кеңейтілген іздеу (мамандық немесе курстың атауы) қол жетімді.

Курсты таңдағанда, пайдаланушы оның сипаттамасымен, ұзақтығымен, сабақтар мен тапсырмалардың санымен, авторымен және шолуларымен таныса алады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Диалогтар» бөлімінде авторлармен кері байланыс қол жетімді.

Оқу барысы мен оқу тарихы жеке кабинетте, «Менің оқуым» бөлімінде қолжетімді. Курсты сәтті аяқтап, қорытынды тестілеуден өткеннен кейін жүктеуге болатын электрондық сертификат беріледі. Аяқталған курс бойынша алынған дағдылар мен сертификаттар Enbek.kz-тегі пайдаланушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі.

Осылайша, Enbek мобильді қосымшасында бүгінгі күнде келесі мүмкіндіктер бар: жұмыс іздеу, жұмыссыздарды тіркеу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алу, Business.Enbek.kz кәсіпкерлікті қолдау қызметтеріне қол жеткізу және Skills Enbek курстарында оқу.

Enbek қолданбасы барлығына тегін.

Фото: egemen.kz