Коммуналдық тариф тағы қымбаттайды

Уақыты: 30.01.2024
Оқылды: 872
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл да су және электр энергиясы тарифінің бағасы өсетінін айтты, деп хабарлады 7-su.kz желілік басылымы Halyq Uni сайты дерегіне сүйеніп. 

Үкіметтің баспасөз орталығында министр 2024 жылы коммуналдық тарифтердің қымбаттайтынын жеткізді.

Электр энергиясы бойынша орташа өсім – 20-30%. Бұл субъектінің қуатына байланысты. Сондай-ақ судың тарифі де өте төмен. Былтыр мен Батыс Қазақстан облысында болдым. Онда судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Су – өте маңызды ресурс. Сондықтан оны үнемдеуіміз керек. Тариф өседі. Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз. Сондықтан мұнда (су тарифін) айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф (бағасы) өседі, - деді Әлібек Қуантыров.

Сурет: buh.mcfr.kz