ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ҮШ ШИЕТТЕЙ БАЛА ӨРТЕНІП КЕТТІ

Уақыты: 06.03.2020
Оқылды: 1414
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Еңбекшіқазақ ауданының орталығы - Есік қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан үш шиеттей бала қаза тапты. Бұл туралы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрт орнынан Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына зардап шеккен 68 жастағы әйел жеткізілді.

- Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, барлық жетекші медициналық маман тартылды. Дәрігерлер науқастың өмірін құтқару үшін барлық күш-жігерін салып жатыр, - деді баспасөз қызметі өкілі.

"Бұл - орны толмас қаза. Еңбекшіқазақ ауданының медицина қызметкерлері құрбандардың ата-аналарына, туған-туыстарына көңіл айтады", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Instagram-да өртенген үйдің фотосы және бейнежазбасы жарияланды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды